Кызылсай (каз. Қызылсай) — село в Меркенском районе Жамбылской области Казахстана. Входит в состав Жанатоганского сельского округа. Код КАТО — 315435300. В 1999 году население села составляло 379 человек (201 мужчина и 178 женщин). Берік Әлібай – Жамбыл облысы Меркі өңірінен шыққан зергер әулетінің өкілі. Оның атасы – Әлімбай ұста-зергер болыпты. Ол 1981 жылы арман қуып, Алматыға келеді. Бір жылдан соң, қазіргі Орал Таңсықбаев атындағы Aлматы сәндік және қолданбалы өнер колледжіне ұста мамандығына оқуға түседі. Соған қарамастан Берік Әлібай ұстазы Мейірхан Әбдірахмановтың кеңесімен зергерлік ісіне мамандана бастайды.Берік Әлібай – дизайнерлер және суретшілер одағының мүшесі. Ол жастайынан зергерлік өнермен шұғылданып келеді. «Менің атам Әлібай, оның інісі Әлімбай – өңірге танымал шебер болған. Мен суретші болуды армандадым. Бірақ, Алматы көркем өнер училищесіне түскен кезде, оқу орнында зергерлік өнер бөлімінің бар екенін білдім. Осы сәтте атамның жасаған дүниелері есіме түсті. Сөйтіп, атадан қалған кәсіпті жалғастыруды жөн көрдім. Әрі ұстазым Дүйсен Сейдәлиев осы өнерге икемім бар екенін байқап, осы өнерге баулыды», - дейді зергер. Шебер қазіргі уақытта ҚР Ұлттық музейінде жұмыс істейді. Ол музейдің реставрация мен консервация бөлімін басқарады. Қарамағында 25-ке тарта маман бар. Олар ағаш, темір, мата, киіз керамика бұйымдарын өңдейді.
Подробнее